Аяз атаға хат. Хат арқылы өзін-өзі тануды қалай дамытуға болады?
Балаға мықты жақтарын көруге, мақсат қоя біліп, қарым-қатынастың қадірін түсінуге көмектесетін дамытушы құрал
Балалардың басым бөлігі Аяз атаға хат жазады.
Көбіне ересектер мұны сүйкімді дәстүр немесе тілектер тізімі ретінде қабылдайды.
Ал бала үшін бұл әлдеқайда терең тәжірибе болуы мүмкін.
Bridges and Feelings ұсынған «Аяз атаға хат» — бірге өткізілетін уақытқа арналған жұмсақ сценарий.Ол балаға:
– өзін көріп, байқап отырғанын сезінуге;
– өз мықты тұстарын атауға;
– нені қалайтынын және неге екенін түсінуге;
– алғыс пен қолдау тәжірибесін сезінуге
көмектеседі
Ал ата-анаға —
– бір сәтке тоқтауға;
– «тәрбиелеуді» шетке қойып;
– маңызды әңгімеде жай ғана қасында болуға мүмкіндік береді.
Қысымсыз.
Бағалаусыз.
«Дұрыс айту» талаптарсыз.
Ертегі, жылу мен зейін арқылы бала өзін тануға алғашқы қадам жасайды,
ал ересек — онымен байланысын тереңдете түседі.
Бұл — нәтиже үшін жасалатын жаттығу емес.
Бұл — іште сақталып қалатын тәжірибе.
Кімдерге арналған– 5–8 жастағы балалары бар ата-аналарға
– Даму ғана емес, қарым-қатынасты да маңызды санайтындарға
– Отбасында жылу көбейіп, асығыстық азайғанын қалайтын жандарға
Кейін не қалады– балада — «мені тыңдайды» деген сезім;
– ата-анада — жақындық пен сенім сезімі;
– отбасында — қайта-қайта оралғың келетін жылы ортақ сәт.
Формат- PDF-әдістемелік құрал
- 45–60 минут бірге өткізілетін уақыт
- Екі кешке бөліп өткізуге болады
ТілӨнім орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді